Skip to main content

Қазақстан: мүгедектігі бар балалардың білім алуына кедергілер

Сегрегацияны тоқтату; жалпы орта мектептерде инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

Аутизмі бар балаларға қолдау көрсететін Алматы қаласы, Қазақстанда орналасқан Балама орталығында арнайы оқытушы мен аутизмі бар оқушы шаршылармен жаттығу орындап жатыр.  © 2018 Тимур Карпов


(Алматы) – Human Rights Watch бүгін жарияланған баяндамасында Қазақстандағы мүгедектігі бар балалардың көбісі сапалы инклюзивті білім ала алмайды деп мәлімдеді.  Қазақстан үкіметі мүгедектігі бар балалардың құқықтарын жақсырақ қорғауға маңызды қадамдар жасағанмен, барлық балалардың оқуға тең қол жеткізуді қамтаиасыз ету үшін әлі де біраз жұмыс істеу керек.

76 беттен тұратын “Шетте қалғандар: Қазақстандағы мүгедектігі бар балалардың білім алуы” атты баяндама Қазақстанның білім беру жүйесі мүгедектігі бар балаларды шеттейтінін көрсетеді. Өз қауымдастығында мектепке қол жеткізе алатын балалардың өздері бөлек сынып бөлмелерінде басқа мүгедектігі бар балалармен бірге оқиды. Мыңдаған балалар мүгедектігі бар балалар үшін арнайы мектептерде, жиі жағдайда үйлерінен алыс жерде оқиды. Басқалары үйде оқып, мұғалімдер оларға ең жиі дегенде, аптасына бірнеше сағатқа келіп оқытады. Жабық псиxиатриялық мекемелердегі балалар өте аз білім алады немесе мүлдем оқымайды. 

“Мүгедектігі бар балалар бәрімен тең сапалы, инклюзивті білім алып, оқуларына тиісті қолдауға ие болуға құқылы” деп, Human Rights Watch Орталық Азия бойынша аға зерттеушісі және осы баяндаманың авторы Мира Риттман айтты. “Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген мүгедектігі бар балалар білім беру жүйесінің және жалпы қоғамның шетінде қалды.”

Human Rights Watch 2017 ж. қыркүйек пен 2018 ж. желтоқсан айларының арасында 150-ден астам сұхбат өткізді. Сұхбат бергендердің арасында физикалық және ақыл-есі мүгедектігі бар 49 бала мен жасөспірімдер, ондаған ата-аналар және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаушылар, адам құқықтарын қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар болды. Human Rights Watch сонымен бірге үкімет өкілдерімен кездесіп, байланысып, ұлттық және халықаралық заң құжаттарын сараптады.

Инклюзивті білім алуға негізгі кедергі дәрігерлер мен білім беру мамандардан тұратын Психологиялық, дәрігерлік және педагогикалық кеңесі (ПДПК) болып табылады. Осы кеңестер мүгедектігі бар баланы тексеріп, қандай мектепте оқи алатыны туралы шешім қабылдайды. Ресми түрде бұл кеңестер баланың оқу түріне ғана қатысты кеңес бергенімен, ата-аналардың Human Rights Watch-ке айтқандай, мектепте оқу үщін олардың келісімі керек екен. Кейбір ата-аналар балаларын бағалауы асығыс, жағымсыз және бейтарапты емес болғанын айтты.

Сұхбат берген балалар мектепке бара алмаған кезде оқшауланып қалғандарын сипаттап берді.  Церебралды сал аурумен ауыратын және мүгедектер арбасымен жүретін 13 жастағы Миша Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының маңындағы ауылда өз үйінде білім алып жатыр. Ол басқа балалармен бірге мектепке баруды армандайтынын айтты: “Менің мектепке барғым келеді, әрине! Онда көңілді. Мектепте өте қызықты - барлық сабақтарға бара аласыз. Онда көп балалар бар! Мектепте оқыған жақсы.”

2015 ж. Қазақстан инклюзивті және сапалы білім алу құқығына кепіл беретін Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын (МАҚК) ратификациялады. Бұл мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ балалардың инклюзивті ортада тиісті жабдықталған ортақ сынып бөлмелерінде бірге оқуды қамтамасыз етеді. Тиісті жабдыққа Брайль жазбасымен жазылған кітаптар, аудио, бейне және оқуға ыңғайлы материалдар; есту қабілеті мүгедектігі бар балалар үшін ымдау тілінде нұсқаулықтар жатады және балалардың өздеріне-өздері қарауға, мінез-құлқын бақылайтын немесе сыныпта басқа да мұқтаждарына көмек көрсететін қызметкерлер жатады.

Қазақстан үкіметі 2019 жылға дейін жалпы білім беретін мектептердің 70 пайызы инклюзивті болады деп уәде берген. 2018 жылдың желтоқсанында Human Rights Watch Алматыдағы сондай мектептердің бірнешеуіне барды.

Тіпті инклюзивтік мектептерде де мүгедектігі бар балалар физикалық қолжетімділік, қолжетімді оқу материалдарының жетіспеушілігі және көмекшілердің тапшылығы сияқты кедергілерге ұшырауы мүмкін. Human Rights Watch анықтағандай, Қазақстандағы инклюзивті мектептер тек бастауыш сыныптардағы мүгедектігі бар балаларды оқытады.

Жалпы орта мектепте оқитын балалар мен олардың отбасылары инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіндірді. Маликаның Даун синдромы бар тоғыз жастағы ұлы Ильяға «оқу ұнайды. Өзгелердің бірдеңе істегенін көреді де соны қайталайды... Ол балалар ортасына түсіп, көп араласатын болды, өйткені сөйлеген сөздерді тыңдайтын. Ол басқаларға еліктей отырып, әлеуметтік дағдыларды үйренуде».

Қазақстан үкіметі балаларға инклюзивті және сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін көбірек күш салуы тиіс, соның ішінде кеңес органдарының тұжырымдары жалпы орта мектептерінде оқуға міндетті шарт болмайтынын қамтамасыз ету тиіс. Оның орнына үкімет мүгедектігі бар адамдармен кеңесе отырып, жүйені өзгертіп, мұғалімдер, ата-аналар, басқа да тұлғалар, солармен бірге дәрігерлердің көзқарастары мен бағалауларын ескеріп, баланың жалпы орта мектепте оқу үшін қандай қолдау керек екендігін анықтауы тиіс.

“Қазақстан үкіметі мүгедектігі бар балаларды жалпы орта мектептерге қосып, басқа балалармен тең дәрежеде табысқа жету үшін қажетті құралдарды беруі тиіс,” деді Ритман. “Үкімет кеңестер жүйесін өзгертіп, жалпы орта мектептерде оқуға кедергі жасағаннан көрі онда оқуға көмектесуден бастай алады.”

Your tax deductible gift can help stop human rights violations and save lives around the world.

Region / Country